Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов екі айға қамауға алынды, деп хабарлады "Мой город" сайты.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен оның көмекшісіне қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.
Болатбек Каюповтың ұсталғаны 29 қазанда хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Биғайдаров Каюпов серіктесімен бірге 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан атқарылған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және медицина жабдықтарын (мониторларды) жеткізуге ЖШС-мен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жалпы сомасы 78 млн теңге пара алғанын мәлімдеген.
Пікір қалдыру