Жаңа қаулы. Қазақстанның 9 өңірінде карантин күшейтілді

/image/2020/11/02/crop-7_33_441x588_2020_10_24_crop-14_11_486x648_987d697d-4312-4238-8f3d-e642bc1d7958.jpeg

2 қарашадан бастап Шымкент, Алматы қаласы және Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстарында карантин шаралары күшейтілді.

Қызылорда облысының бас санитар дәрігері А.Абдикаимованың қаулысына сәйкес карантинді күшейтуге қатысты төмендегідей шеутеу шаралары қабылданды.

  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
  • ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;
  • фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне;
  • қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің қызметіне;
  • балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;
  • спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына.

Ал Шығыс Қазақстан облысының көліктегі Бас мемлекеттік санитар дәрігері С. Байғабылов 2 қарашадан бастап төмендегідей шаралар күшіне енетінін хабарлаған.

  • 3 тәуліктен аспайтын мерзімге теріс нәтижесі бар covid-19-ға ПТР әдісімен тестілеуден өткені туралы анықтамасы болмаса, жолаушылар (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) әуе кемесінің бортына отырғызуға жіберілмейді:
  • әуе кемесінің бортында жолаушылар мен экипажға арналған жеке қорғаныш құралдарының (маскалар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуы;
  • әуе кемесінің бортында ұшу кезінде жолаушылардың орын ауыстыруын, олардың дәретханаларда жиналуын шектеу және бетперде режимін сақтау;
  • отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасындағы қауіпсіз қашықтықты (1 метр) сақтау;
  • жүру жолында жолаушылардың вагондар арасында орын ауыстыруын, олардың дәретханада жиналуын шектеу және бетперде режимін сақтау;
  • жеке қорғаныш құралдары (маскалар мен қолғаптар) болған кезде ғана қызметкерлерді жұмысқа жіберу;
  • жұмыс басталғанға дейін дене температурасын өлшей отырып, ауру симптомдарының болуына қызметкерлерді тексеруді;

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Е. Сыдыманов облыста карантин шараларын күшейтетін жаңа қаулысын шығарды.

Қаулыға сәйкес:

  • Тамақтану орындарында адам қабылдау 50-ден 30-ға дейін қысқартылады;
  • 30-дан аса адам қабылдайтын мейрамхана, кафе мен асханалар жабылады;
  • Тамақтану орындарының жұмыс кестесі өзгеріссіз қалдырылды: сағат 9-00-ден 22-00-ге дейін;
  • Спорт нысандарында да кісі қабылдау 50-ден 30 пайызға қысқартылды;
  • Демалыс және мереке күндері барлық сауда үйлері мен сауда, ойын-сауық орталықтары жабылады. Бұл нысандағы азық-түлік және дәріхана бөлімдері ғана жұмыс істейді.
  • Мемлекеттік қызмет пен кәсіпкерлік сала басшылығы жұмысшыларының 50-60 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруге міндетті.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Тулебаев карантинді күшейтуге қатысты қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді.

Бас санитар дәрігер карантиндік шектеулерді 2020 жылдың 9 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес бүгіннен бастап:

  • денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады;
  • Қоғамдық тамақтану орындарында кальянды пайдалануға тыйым салынады;
  • адамдар көп жиналатын орындарда карантин талаптарын сақтау;
  • 9:00 мен 20:00-ге дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасайды;
  • Қоғамдық көліктерге, таксилерге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, балалар ойнайтын алаңдарда, азық түлік дүкендерінде, базарларда дизинфекциялық жұмыстар жүргізу.

Павлодар облысында карантин шаралары 2 қарашадан бастап күшейтілді. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері мәлімдеді.

Қаулыға сәйкес:

  • Құжатта ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындарына (ашық ауада қызмет көрсетуді қоспағанда) сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл ретте, нысанның толымдылығы 30 орыннан аспауы, әлеуметтік ара қашықтық және үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық, бір үстел басына 4-6 адамнан отырғызу талаптары сақталуы тиіс.
  • Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, және басқа да іс-шараларға тыйым салынады.
  • Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін ғана рұқсат беріледі.
  • Фитнес-орталықтардың, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметтері 30 пайыздық толымдылықпен сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.
  • Сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмыс уақыты сағат 18.00-ге дейін ғана болады.

Атырау облысының бас санитар дәрігерінің орынбасары Г. Ирбатырова қаулысы 2 қарашадан бастап күшіне енді.

"Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын-алуға қатысты шаралар туралы" бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 69 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері С. Алибаеваның қаулысына сәйкес мына талаптар енгізілді.

  • 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпау;
  • әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе саябақ, ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салынады;
  • көліктерде жеке қорғаныс құралдарының болуы;
  • фудкорттардың, банкет залдарының қызметтеріне тыйым салынады;
  • қоғамдық тамақтану орындарында кальянды пайдалануға тыйым салу.

Қостанай облысының бас санитар дәрігері В. Нечитайло карантин шараларын күшейту туралы қаулысы бүгіннен бастап күшіне енді.

Қаулыға сәйкес:

  • қоғамдық тамақтану орындарында 30 орыннан аспайтын, жұмыс режимі 10:00-ден 23:00-ге дейін орната отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады; 
  • ашық ауада аттракциондардың қызметіне рұқсат беру;
  • карантиндік талаптарды сақтап, 30 адамнан аспайтын оқу-жаттығу жиындарын қайта бастау.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар