Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Alatay Aqparat» ЖШС-не кіретін «Almaty Aqshamy» және «Вечерний Алматы» газеттерінің редакциясында болды.
Басылымдардың бас редакторларымен және ұжымдарымен кездесуі барысында ағымдағы мәселелер және газеттің даму жоспары талқыланды. Ержан Бабақұмаров, сонымен бірге, медиахолдингтің материалдық-техникалық базасымен танысты.
«Alatay Aqparat» ЖШС бас директоры Тілеміс Құлмұхамедовтың айтуынша, газеттің цифрлы құралдарын дамыту, оның ішінде, мультимедиалық порталды, мобильді қосымшаларды, әлеуметтік пабликтер және басқа да заманауи медиа-форматтарды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл қалалық газеттерді оқырмандар қызығушылығын және жедел ақпараттық жұмысты жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді.
Е. Бабақұмаров пандемия кезінде COVID-19 жайылу қаупіне қарсы тұрған жергілікті атқарушы органдардың, дәрігерлердің, санэпидемиологтардың, полиция қызметкерлерінің жұмысын жарыққа шығарып баян еткен журналисттердің жұмысын атап өтті. Бүгінгі күні баспа қала тұрғындарын профилактилалық және емдеу шаралары туралы, сондай-ақ пандемияның болуы ықтимал екінші толқыны жөнінде де шұғыл ақпараттардырып отыр.
Әкімнің орынбасары Е.Бабақұмаров Мемлекет басшысы жариялаған Мәжіліс пен мәслихатқа сайлау кезеңінде БАҚ жұмысының маңыздылығын атап өтті, және барлық қатысушылардың үгіт-насихат шараларын таратуда сайлау заңнамасы мен теңдігін сақтауға шақырды.
«Вечерный Алматы» газеті 1936 жылдың 28-сәуірінен бастап басылуда,«Almaty Aqshamy»-ның бірінші номері 1988 жылы жарық көрді.
Пікір қалдыру