3 қараша күні Шымкентте "алып қашу" құрбаны болған қыз терезеден секірді, деп хабарлады otyrar.kz сайты.
Сайт мәліметінше, қайғылы оқиға Шымкент қаласында кешкі сағат он шамасында Республика даңғылындағы №45 үйде болған.
– Қыздың кеуде және бел омыртқасы, жамбас сүйектері сынып, ішкі жарақатымен №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, – деді куәгерлер.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір қыздың жағдайы тұрақты. Қыздың мүгедек болып қалуы, не өздігінінен жүріп кетуі белгісіз.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр. "Күйеу жігітке" өзіне өзі қол салуға дейін жеткізу, адамды бостандығынан заңсыз айыру және зорлау баптары бойынша айып тағылуы мүмкін. Күдіктінің ұсталғаны жөнінде полиция әзір ақпарат жарияламады.
Пікір қалдыру