Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденді АҚШ президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлады elbasy.kz.
Нұрсұлтан Әбішұлы 2010 жылы Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті.
Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.
Пікір қалдыру