Нұр-Сұлтанда карантин режимі күшейтілді

/image/2020/11/21/crop-128_2_309x412_3ca89f9f-22d8-48e5-85db-577121d5d781.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева карантин режиміне қатысты жаңа қаулы шығарды.

Қаулыға сәйкес, қала тұрғындарына ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде митингиер, шерулер, жиындарға салынған шектеу жалғасады.

Әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде 2 метрден кем емес сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге болады.

Қызметі қайта басталмаған объектілер – бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік және ойын клубтары, түнгі клубтар, жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар, караоке, букмекерлік кеңселер мен лотереялар ұтыс ойыны және т. б. баруға тыйым салу күшінде қалады.

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу әлі де жалғасады.

Міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат.

Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы қажет.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар