"АҚШ Қытайдың әуе кеңістігіне екі соғыс ұшағын ұшырып, Бейжіңді қарсы операцияны бастауға мәжбүр еткеннен кейін Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіс одан әрі күшейді" деп хабарланды. Қытайлық Weibo микроблог платформасында Бейжің жауап ретінде екі реактивті ұшақ жібергені жарияланды.
АҚШ әскери күштері Шығыс-Қытай теңізінің үстіне екі дыбыстан жылдам ауыр бомбалаушы ұшақ жіберген. Бақылау деректері бойынша АҚШ-тың әуе күштері "B-1Bs MAZER01" және "MAZER02" Қытайдың әуе қорғанысын идентификациялау аймағына қайта жанармай құю миссиясы кезінде аттанған.
900 мильден астам жылдамдықпен жүре алатын реактивті ұшақтар Гуамдағы Андерсон әскери-әуе базасынан жіберілді.
Жағдайға байланысты Қытай әскери күштерін басқару орталығында дабыл қағылды.
"Қытай халық-азаттық армиясының әскери-әуе күштері қауіптің алдын-алу үшін өзінің екі реактивті ұшағын жедел жіберді" делінген Weibo микроблогтық платформасында тараған видеода.
Пікір қалдыру