Шығыс Қазақстанда карантинге қатысты шаралар жүргізілді

/image/2020/11/23/crop-193_1_719x959_104520713700.jpeg

ШҚО азаматтардың денсаулығын сақтау және қауіпсіз аймақ құру мақсатында мониторинг топтардың жұмысы жалғасуда. Негізгі міндет түсіндіру жұмыстары, субъектілердің қолданыстағы карантиндік және шектеу ережелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Коронавирус қарқынды таралып, өңір қызыл аймақта тұрған кезде, кейбір азаматтар әлі де болса салдарын ойламастан, көпшілік жерлерде көңіл көтеруге жол беруде. «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ақпараты бойынша, 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні Өскемен және Семей қалаларында рейдтер жүргізілді.

Мониторингтік іс-шаралар барысында Өскемендегі Red Bulls» түнгі клубы (жалға алушы Р.К. Джафаров), Солнечная моншасы, Семейдегі Печки-лавочки кешені (Паязитов П. г. ЖК) тараптарынан облыстың бас санитариялық дәрігер белгілеген шектеулердің бұзылғаны тіркелді.

Мониторингтік топ келген кезде түнгі клубта 70-тен астам адам болып, сауналар мен моншаларда дастархан жайылып, ондаған адам көңіл көтергені белгілі болды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталған фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілік мәселесін шешу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жіберу үшін тиісті материалдарды рәсімдеуде.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар