Армяндар өздері тұрған үйлерді өртеп бір-ақ кетті

/image/2020/11/24/crop-6_66_380x676_055713789400.jpg

Армян басқыншылары Әзербайжанның Кельбаджар ауданындағы өздері тұрған үйлерді өртеп, мемлекеттік мекемелерді тонап, малдарды өлтіріп, орманды қиратып бір-ақ кетті. Олар құртқан дүниелердің барлығының иесі "өзіміз" деп ұғынған. Шынында солай ма?  Аze.az сайты осылай деп мәлімдеді.  

Кельбаджар – Әзербайжандағы ең үлкен ауданның бірі. 1979 жылғы санақ бойынша, онда соғысқа дейін 49 армян тұрды. Яғни статистикаға сәйкес, халықтың шамамен 0,1%-ын құрайды.

"Вестник Кавказа" басылымы армяндардың дұрыс деп санаған аргументтері ешқандай шындыққа жанаспайтындығын айтып, "қате түсінік" деген баға берген. Басылымынның хабарлауынша, армяндар өзінің емес, өзгенің үйін өртеп, өзгенің орманын қиратып, өзгенің малын қырып салды.  

Бұған дейін Қарабақ қақтығысының аяқталғаны туралы хабарланған. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойды. Осылайша үш елдің арасында болған келісім бойынша 3 аудан Әзербайжанға қайтарылып, басқыншы әскер аймақтан шығарылады. Бұл келісімнен кейін Армения астанасы Ереванда премьер-министрге қарсы митингтер өтіп, содан бері халық Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп келеді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар