Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының билігі жүздеген мұсылман имамдарын тұтқындаған. "Азат Азия" басылымының ақпаратынша, олар "өлуден қорқады". Олардың жерлеу рәсімдерін бақылайтын адам жоқ.
Халықаралық босқындар желісінің (ICORN) Норвегиядағы қызметкері Абдувели Аюптың айтуынша, ШҰА-дағы тұрғындармен жүргізілген сұхбаттарда кемінде 613 имамның түрмеге қамалғаны анықталған. 2017 жылдың басынан бастап, Шыңжаңда екі миллионға жуық қазақ, ұйғыр мұсылман азшылықтары аймақтағы лагерлерге қамалған.
"Біз бұл ізденісті 2018 жылы мамыр айында бастадық. Қарашада аяқталған сұхбаттардың қорытындысына сәйкес, ең көп нысанаға алынғандар діни қайраткерлер екенін анықтадым. Сол кезде бізде 300-ге жуық [ұсталған] имамдардың тізімі бар еді, содан кейін біз сандарды жаңартып отырдық, ал соңғы жаңарту болған маусымда дейін 613 имам болды" деді ICORN қызметкері бейсенбіде өткен вебинарда сөйлеген сөзінде.
Пікір қалдыру