Атырау облысының жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды

/image/2020/11/25/crop-134_123_397x529_73965fbd38f7e0ada.jpg

Атырау облысында жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды. Бұл туралы azh.kz порталы хабарлады.

Басылым мәліметінше, жаңа бас санитар дәрігер –  бұрын осы лауазымды атқарған, қазір Атырау облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бастығының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев.

"Тамызда сол кездегі әкім орынбасары Нұрлан Таубаев таныстырған бұрынғы басшы Асылбек Шаров өз өтініші бойынша туған Маңғыстау облысына оралды" делінген жазбада.

COVID-19 пандемиясы басталғалы облыста 7 бас санитар дәрігер ауысты.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар