"Айтарлықтай кедергі бар". Назарбаев видеоүндеу жасады

/image/2020/11/30/crop-3_15_516x775_200623170552366e.jpg

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев қоры және әлемдік экономика және саясат институты бірлесе отырып халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференциясын өткізді. Конференциясының негізгі спикері Назарбаев да видеоүндеу жасады іс-шараға қатысушыларға бейнеүндеу жасады.

– Қазақстан президенті бола отырып, саналы түрде мен өзімнің сыртқы саяси қызметімнің едәуір бөлігін ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу идеясына арнадым,- деп бастады сөзін Назарбаев.

Бұдан әрі Елбасы Қазақстанның осы бағыттағы үлесін, атап айтқанда "тәуелсіздікке қол жеткізе отырып, Қазақстан ғаламшардағы қуаты бойынша төртінші ядролық қару арсеналынан өз еркімен бас тартқанына" тоқталды. 

– Сіздер мен сияқты жаппай қырып-жоятын қарусыз әлемге ұмтылу идеясын сөзсіз қолдайтын танымал саясаткерлер мен беделді сарапшыларсыз. Әрине, бұл жол оңай болмайды және мұнда айтарлықтай кедергілер бар.

Теодор Рузвельт айтқандай: "

Сіз қолыңыздан келетініне сенсеңіз, мақсатқа жетелеген жолдың жартысына жеттіңіз". Осыған орай, ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін Жаһандық көшбасшылар альянсын құру туралы менің бастамамды қолдағандарыңыз үшін сіздерге ризашылығымды білдіремін.

Бүгін біз қабылдаған ашық үндеу - бұл бағыттағы алғашқы практикалық қадам болып табылады,- деді ол сөз соңында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар