Назарбаев: "Абу-Даби Плаза" мұнарасын "Қазақстан" мұнарасы деп атаймын

/image/2020/12/01/crop-18_8_516x774_20190112184852.jpg

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінің ең биік мұнарасын "Қазақстан" деп атайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Елбасы Qazaqstan телеарнасында бүгін сағат 20.00-де көрсетілетін "Түркістан: көне мен келешек көпірі" фильмінде айтты.

– Бұйыртса "Абу-Даби Плаза" мұнарасын "Қазақстан" мұнарасы деп атаймын. Мұндай биік ғимарат жоқ. Алыстан ғимаратты көріп, "мынау не?" дегенде бұл "Қазақстан" мұнарасы деп айтып жүретін болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, қазан айында Нұр-сұлтан әкімдігі "Әбу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінің құрылысы 2021 жылы аяқталады деп мәлімдеген болатын.

"Абу-Даби Плазаның" жартылай ашылуы 2019 жылдың 2 желтоқсанында өтті. Сауда орталығының құрылысы 2010 жылдың қараша айында басталды. Нысанның құрылысы 1,6 миллиард долларға бағаланады. Кешен Ақмешіт, Сығанақ және Түркістан көшелерінің ауданында орналасқан. Жер учаскесінің ауданы 4,4613 гектарды құрайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар