Бұл зерттеудің мақсаты - облыста балалардың құқықтарын іске асырудағы ағымдағы жағдай туралы жалпы нақты түсінік алу.
Осы мақсатқа жету үшін зерттеу барысында бірқатар міндеттер шешілді.
Облыс бойынша бойынша 1500 бала мен 250 ата-ана, 250 педагог арасында жүргізілген сауалнамада балалардың 98%-ы өз құқықтарын жетік білемін деп жауап берген. Сұралғандардың контингенті - 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар. Балалардың өз құқықтары туралы қаншалықты білетіндігін анықтау үшін бірнеше тікелей, нақтылайтын және жанама сұрақтар қойылды. Балалар әр түрлі ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады және тиісті ақпаратты қайдан табуға болатынын біледі. Олар ақпарат көздері ретінде көбінесе мектептегі сабақтарды, ата-аналар мен мұғалімдерді атайды.
Тағы бір өте қуанарлық жағдай - балалардың қызығушылықтары мен күнделікті тыныс-тіршілігі отбасылық талқылаудың тұрақты тақырыбы екені анықталды. Балалардың қатысуымен өткізілетін отбасылық әңгімелесудің ең көп талқыланатын тақырыптары - бұл олардың оқуы, отбасы мүшелерінің денсаулығы және балалардың қызығушылығы мәселелері. Респонденттердің отбасыларына деген сенім деңгейі де жоғары: сұралған балалардың үштен екісі өз тәжірибелерімен еркін бөліседі және отбасы мүшелерінің түсінуіне және қолдауына сене алады.
Пікір қалдыру