"Нағыз ерлік": Үздік еріктілер марапатталды

/image/2020/12/08/crop-3_5_748x1272_bc4195d5-9fb7-4ebc-bcbc-d02e0ca91f6d.jpg

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Өзін қоя тұрып өзгені ойлап, тұрмысы төмен отбасыға, тағдыры талқыға түскен ағайынына қолда барын бөліп қайырымдылық жасаудан қол үзбеген халқымыз биыл еріктілердің ерен еңбегіне бас иді. Халықаралық волонтерлар күніне орай Мемлекет басшысы онлайн режимде жиын өткізіп, еріктілердің жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылап, үздіктерді марапаттады. Оған облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысты.

Жиынды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму минстрі Аида Балаева ашып, бастан-аяқ жүргізіп отырды. Басқосуда әуелі еліміздегі еріктілердің атқарған жұмыстарын көрсету мақсатында бейне-ролик көрсетілді. Осыдан кейін әр сала бойынша жауапты қызмет атқарған еріктілер өздерінің жыл істеген  жұмыстарын баяндап, алдағы уақытта да қайырымдылық жасап қайырын көрген дана халқымыздың сара жолын жалғайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ел Президентіне көкейінде жүрген ойлары мен ұсыныс тілектерін айтты.

Жиында Қасым-Жомарт Кемелұлы:

– Ең алдымен барлық волонтерлерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сіздер қиын кезеңде еліміз үшін аса пайдалы, қажетті жұмысты ақардыңыздар. Ерен еңбектің арқасында пандемияны да еңсеріп келеміз. Еріктілеріміз ешқандай қауіп-қатерге қарамай дәрігерлерге, әскери қызметшілерге, қарапайым азаматтарға көектесті. Бұл нағыз ерлік. Сендерді мақтан тұтамын. Жаңа еріктілер өте жақсы бастамалар көтерілді. Барлығын қолдаймын. Әсіресе, қоғамдық бақылаушы және эковолонтер ретінде белсенді болғандарың қуантады. Мәселен, Богдан Петровтың экологиялық мәселе, Лилия Сарсенованың құстарды қорғау бойынша айтқан ұсыныстарын толық қолдаймын. Осыдан тура бір жыл бұрын «Еріктілер жылын» ресми түрде ашқан болатынбыз. Мәне, қазір соның жемісін көріп отырмыз. Бұл Елбасының бастамасымен өткен «Жастар» жылының жалғасы болды. Біз мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, түрлі қиындықтармен бірге күрестік. Қауіпті дерт ел-жұрттың денсаулығын ғана емес, бекем бірлігін де сынға алды. Біз бір ел, бір халық болып бұл сынға төтеп бердік. Волонтерлер Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті, – деп ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, алдағы жылы да еріктілерге қолдау білдіретінін айтты.

Осыдан кейін ілкімді істің ғұмырын ұзартқан еліміздің үздік еріктілері мен ұйымдары марапатталды. Алматы облысы бойынша «Жомарт жүрек» бөлімінің «Туған өлке» номинациясы бойынша Руслан Камердинов үздік деп танылды. Жеңімпазды облыс әкімі құттықтап, Алғыс хат пен естелік статуэтка табыстады.

 Соңында Амандық Ғаббасұлы:

– Коронавирус індеті өршіп тұрған уақытта елім деп қызмет етіп, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысып жүрген еріктілердің ісі көпке үлгі. Облысымызда әлеуметтік жағынан төмен отбасылар мен жетім-жесір, ауру-сырқауларға, тосыннан жәрдемге зәру болып қалғандарға көмек қолын созып жатқан небір ұйым, қайырымдылық қорлары бар. Олар «Жомарттық – жанның байлығы», – деп жақсылық жасауға жарыса ұмтылып, барымен бөлісіп, ортақ мақсатқа жұмыла атсалысуда. Келесы жылы дарқан мінезді халқымыздың қанына сіңген қайырымдылық жұмыстары жалғаса береріне сенімім мол, – деп жауапты мамандарға еріктілерге орталық ашып беруді, көлікпен және керекті жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, Алматы облысы бойынша 3243 ерікті тіркелген. Ал жастар ісі жөніндегі комитет саны 41, жастар үкіметтік емес ұйымдар саны 70, еріктілік топтар саны 37.

Облыс бойынша қаңтар, ақпан және наурыз айларында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы бойынша жыл басынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл және еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қарияларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша 646 акция. 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Алматы облысы бойынша 134 қайырымдылық іс-шара.8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай еріктілер мереке қарсанында «Қуаныш сыйла» атты 143 іс-шара өтті. Облыс еріктілері жастардың құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, құқықтық тәрбие беру, терроризм және дің, жемқорлық тақырыптарына байланысты  жергілікті  құқық құрғау органдарымен бірлесіп 119 шара ұйымдастырды.

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылы 16 наурыз күнінен бастап төтенше жағдай енгізілген болатын.Осыған орай «Біз біргеміз» жобасы аясында облыс еріктілері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды  азық-түлікпен, бетперде және антисептикпен қамтамасыз етті. I тоқсан бойынша жалпы 1012 «Мейірімді Жетісу»  акциясы ұйымдастырылып, барлығы 1600-ден астам ерікті  қатысты. Акция барысында 22243 бетперде таратылып, 2621 отбасыға азық-түлік себеттері берілді.

 Облыс бойынша сәуір, мамыр, маусым айларында мемлекеттегі төтенше жағдайларға байланысты 404-404 қауырт желі (горячая линия) байланыс телефоны 1-ші сәуір айынан бастап іске қосылды. Тәулік бойы өз жұмысын жалғастыратын жедел желі тұтқасында: халыққа бірінші кезекте көмегі қажет мамандар отырды. Атап айтсақ: денсаулық сақтау саласының мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша арнайы мамандар, білім беру басқармасы мамандары және еріктілер қызметін ұйымдастырушы жастар. Бүгінгі күні қауырт желі арқылы байланысқан облыс тұрғындарының саны 5773 адам. Қоңырау соққан тұрғындардың 1997-і әлеуметтік көмек, азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша көмек сұраса, 457-і білім беру саласы, яғни қашықтан оқыту бойынша, 1284-і денсаулық сақтау саласы бойынша мамандар кеңесіне жүгінді.

Сондай-ақ, еріктілердің фронт-офисінде авто-еріктілер азық-түліктерді қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындар каспий-голд мобильді қосымшасы арқылы төлем ақы жүргізіп, қажетті азық-түлікке, дәрі-дәрмекке тапсырыс бере алады. Бүгінгі күні бұл жұмысты жүргізу үшін 60 авто-ерікті тіркелді. Оның ішінде дезинфекциялық жұмыстар 116, дәрі-дәрмек тасымалдау бойынша 1889, медициналық антисептик тарату 1349, жеке гигиеналық заттармен қамтамасыз ету 1234.

II тоқсан бойынша «Біз біргеміз» жобасы аясында  1350  «Мейірімді Жетісу»  акция, «Ардагерлерді ардақтайық» атты 817 акция, COVID-19 коронавирусын алдын алуға арналған іс шаралар 318 және құқықтық тәрбие беру, терроризм және дің, жемқорлық тақырыптарына байланысты 92 іс шара ұйымдастырылып, барлығы 2100-ден астам  ерікті  қатысты. Іс шара мақсаты:  әлеуметтік жағдайы төмен және жалғыз басты қарияларды, отбасыларды  азық-түлікпен, бетперде және антисептикпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Акция барысында 41751 бетперде таратылып, 13050 отбасыға азық-түлік себеттері берілді.

Облыс бойынша шілде, тамыз, қыркүйек айларында Алматы облысы бойынша еріктілік қозғалыс кеңінен дамыды. Атап айтсақ еріктілер топтарының саны 24-тен 37-ге артып, топтар ішінде ең ауқымды шаралар ұйымдастырған «Баракат путь к добру» тобы. Топтың негізін қалаушы-Нұртуған Әсем 2020 жылдың 15 сәуір күні еліміздегі пандемияға орай қалаған болатын. Бүгінгі таңда топ құрамында 11 волонтер жұмыс істейді. Топ қызметінің негізгі бағыты мұқтаж адамдарға азық-түлікке көмек көрсету. Сондай-ақ, медицина, білім беру, жалға берілетін тұрғын үй, киім іздеуге көмек көрсету бағыттары бар.Топ құрылған күннен бастап 400-ден астам отбасына азық-түлік көмегі көрсетілді. Еріктілердің қозғалысы арқылы  жыл басынан осы күнге дейін облыс бойынша 61 532 595 млн  тенге жиналып қайырымдылық, медицина салаларына бағытталған болатын.Бұл ауқымды қаржыны аудан, қаланың бетке ұстар бизнесмендары, меценаттары, банк өкілдері, жалпы пандемия кезінде шетте қалмай қол үшін созған тұрғындар әлеуметтік, қайырымдылық бағыттарына  еріктілерге қолдау көрсетіп демеуші болған болатын.

III тоқсан бойынша «Біз біргеміз» жобасы аясында  390  «Мейірімді Жетісу»  акция, «Ардагерлерді ардақтайық» атты 460 акция, COVID-19 коронавирусын алдын алуға арналған іс шаралар 236 және құқықтық тәрбие беру, терроризм және дің, жемқорлық тақырыптарына байланысты 78 іс шара ұйымдастырылып, барлығы 3200-ден астам  ерікті  қатысты. Қайырымдылық акция барысында 25196 бетперде таратылып, 1778 отбасыға азық-түлік себеттері берілді.

Алматы облысы бойынша аудан, қалаларда өткізілген «Мейірімді Жетісу» акциясының жалпы саны 2752. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы  9490 қайырымдылық акциялары өткізілді.  Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, жалпы 26726 отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Облыс еріктілерінің атсалысуымен бүгінгі күнде 78841  бетперде тұрғындарға таратылды.

Мына алмағайып заманда адамға ең керегі  мейірім. Адамдық қасиетті  материалдық құндылықтан да жоғары қойған үлкен жүректі жандар игі ісі көңілге қуаныш ұялатады. «Қайырымды қол тамұқта да күймейді» – деген нақыл бар. Өмірдің  серіппесі болып тұрған  ақкөңіл, жақсылыққа жаны құмар жандардың жалынды істері барша құрметке лайық.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар