Қазақстанда бір тәулікте 1000-ға жуық адам коронавирус пен пневмония жұқтырған

/image/2020/12/11/crop-20_5_381x678_52699780_401.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның тәуліктік статистикасын жариялады.

Соңғы тәулікте 836 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 841 адам емделіп шыққан. 9 адам қайтыс болған. 137 адамнан пневмония анықталып, 4 адам көз жұмған. 

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 818 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 999 бала бар. Стационарларда 3 862 науқас жатыр. 9 956 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 237 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап 11 желтоқсанға дейін 139995 адам Covid-19-бен ауырған, оның ішінде 2121 адам қайтыс болған.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 11 желтоқсанға дейін 43 635 адам пневмония жұқтырған, соның ішінде 462 адам қайтыс болған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар