Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді.
"Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады" делінген хабарламада.
Сондай-ақ еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылмақ.
Пікір қалдыру