АҚШ коронавирус вакцинасын дүйсенбіден бастап қолданысқа енгізбек

/image/2020/12/13/crop-14_15_521x949__116044755_gettyimages-1228174507.jpg

Вашингтон COVID-19 вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсат берген соң, "АҚШ тұрғындары коронавирусқа қарсы Pfizer / BioNTech вакцинасын дүйсенбіден бастап ала бастайды" деп хабарлады елдің ресми өкілдері.

"Алғашқы үш миллион доза вакцина осы демалыс күндері барлық штатқа жіберілетін болады" деп хабарланды. 

Ақпаратқа сәйкес, вакцина COVID-19-дан 95%-ға дейін қорғайды және оны АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы қауіпсіз деп санады. Басқарма өкілі Стивен Хан агенттік вакцинациялауға дайын екенін айтты.

Айта кетейік, 2 желтоқсанда Трамптың келесі аптада вакцина өндірушілермен кездесетіні жарияланған. Одан көп өтпей, Вашингтон вакцинаны шұғыл қолдануға рұқсат берді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар