Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған "Штрих к портрету" деректі фильмінің жалғасы шығады. Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында жазды.
– 15 желтоқсан күні сағат 21:40-та "Хабар" телеарнасында тұңғыш президент – елбасының өмірі мен қызметіне арналған "Штрих к портрету" деректі фильмінің жалғасы шығады, – деп жазды Айдос Үкібай желідегі парақшасында.
Парақшада деректі фильмнің үзіндісі жарияланды.
– Бұл жерде жаппай тәртіпсіздіктер болуы мүмкін еді. Бір топ адам әкімдікті басып алуға әрекеттенді. Мәселе елуде елу еді. Содан кейін оларды жою үшін қарулы күштерді қосу керек болды, – деді Назарбаев деректі фильмнің үзіндісінде.
15 декабря в 21:40 в эфире телеканала «Хабар» выйдет продолжение документального фильма «Штрихи к портрету», посвященного жизни и деятельности Первого Президента РК – Елбасы pic.twitter.com/LTpAqDZ9RL
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) December 14, 2020
Пікір қалдыру