"Қытай Австралияны жазалағандай еш ойланбастан Ұлыбританияны да жазалайды" деп хабарлады Дейли Мейл, The Independent сияқты басылымдар. Британиялық БАҚ-тардың жазуынша, Брекситтің Бейжіңмен еркін сауда келісімі ауыр зардапқа соқтыруы мүмкін.
"Қытай Австралияға жасағанын Ұлыбританияға жасаудан тартынбайды" деді Ұлыбританияның жетекші академигі, SOAS университетінің Қытайтану институтының профессоры Стив Цанг.
Австралия 2015 жылы Қытаймен еркін сауда туралы келісімге қол қойды. Осы уақыттан бастап ел экономикалық тұрғыдан Бейжіңге тәуелді бола бастады, өйткені Австралия экспортының шамамен үштен екісі Қытайға жіберіледі. Австралия Қытай экспорттына тәуелді екенін және өзінің егемендігіне қауіп төндіретін жағдайды пандемия кезінде білді. Уханьдағы коронавирус індетіне қатысты Бейжіңнің алғашқы жауабына күмән келтірген кезде, Австралия өзіне тықыр таяғанын сезді.
COVID-19 туралы қытайлық ақпараттарға күмән келтіргені үшін және Гонконгтағы демократияны қолдағаны үшін де Канберра тарифтер арқылы жазаланды.
Брекситтен кейінгі Ұлыбритания мен Қытай арасындағы еркін сауда туралы келісім Ұлыбританияның экспорттық экономикасы үшін қаржылық тірек бола алады, бірақ британиялық сарапшылар мұндай келісімнің Австралияның тәжірибесіндегідей салдарға әкеп соқтыратынын айтады.
Пікір қалдыру