Ranking.kz сайты 2020 жылы Қазақстан банктері депозит портфелінің қалай өзгергеніне жасаған шолуды жариялады. Сайт дерегінше, коронавирус пандемиясы кезінде екінші деңгейлі банктер клиентінің салымын көбейе түскен. Жыл басынан бері банк секторындағы депозит базасы 2,96 триилион теңгеге артып, 20,94 триллионға жеткен. Оның 2,36 триллион теңгесі елдегі ең ірі он банкке тиесілі. Депозит көлемі бойынша бірінші орында Halyk Bank тұр.
Жыл басынан бері банктегі депозит жинақтары 633,6 миллиард теңгеге артып, 7,1 триллион теңгеге жеткен. Депозиттің жыл бойғы арту көрсеткішіндегі Halyk Bank үлесі 21,4%-ды құрайды. Ал салымшылар өсіміндегі банк үлесі 26,9%-ға тең.
Заңды тұлғалар салымы жөнінен де Halyk Bank алдыңғы орында. Биыл банктегі заңды тұлғалар депозитінің көлемі 310,6 миллиард теңгеге артып, 3,57 триллион теңгеге жетті.
Жеке тұлғалардың салымы бойынша Kaspi Bank (+357,8 млрд тг., 1,88 трлн теңгеге дейін өскен), Halyk Bank (+323 млрд тг., 3,49 трлн теңгеге дейін өскен) және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (+121,1 млрд тг, теңгеге дейін өскен) алғашқы үштікте.
Жыл басынан бері екінші деңгейлі банктердегі корпоратив салымы 1,8 триллион теңгеге, ал жеке салымдар 1,16 триллион теңгеге артқан. Нарықтағы ірі банк Halyk Bank екі салым түрінің артуы жөнінен көш бастап тұр.
Банк мұның себебін төмендегі факторлармен байланыстырады:
- банк халыққа түрлі ыңғайлы шарттары бар депозиттер ұсынады;
- шағын және орта бизнесті қоса алғанда бизнес үшін мерзімді және шартты салымдар қарастырылған;
- ағымдағы шоттар мен жалақы жобаларын жүргізу үшін қолайлы жағдай береді.
Банктің мұндай тұрақты өсуін Fitch Ratings (BB+), Moody’s Investors Service (Ba1), Standard and Poor’s (BB) сияқты әлемдегі жетекші рейтинг агенттіктерінің жоғары сенімділік рейтингісінен де көруге болады.
Оған қоса, Halyk Bank-тің актив табыстылығы банк секторындағы орташа көрсеткіштен жоғары. Елдегі екінші деңгейлі банктердің қаңтар-қазан аралығындағы актив табыстылығы 2,2% болса, Halyk Bank-тікі – 2,6%. Капитал көрсеткіші де жоғары, оның нарықтағы орташа көрсеткіші 17,8% болса, бұл банкте 19,3%-ға жеткен.
Пікір қалдыру