Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция пезиденті Эмманюэль Макронға коронавирустан сауығып кетуін тілеп, Twtitter-дегі парақшасында жазба қалдырды.
"Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін!" делінген жазбада.
Кеше Франция президенті Эмманюэль Макрон коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.
Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін!
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 18, 2020
Пікір қалдыру