КВИ. Өткен тәуліктегі деректер жарияланды

/image/2020/12/18/crop-4_4_415x802_pcrnakoronavirus-1.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның тәуліктік статистикасын жариялады.

Соңғы тәулікте 690 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 561 адам емделіп шыққан. 7 адам қайтыс болған. 24 адамнан пневмония анықталды, 2 науқас көз жұмды.

18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 349 адам короновирус инфекциясынан (13 515 КВИ+ және 11 834 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 389 пациент стационарда, 20 960 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 242 адамның жағдайы ауыр;
• 35 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап 18 желтоқсанға дейін 145 213 адам Covid-19-бен ауырған, оның ішінде 2173 адам қайтыс болған.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 18 желтоқсанға дейін 44 338 адам пневмония жұқтырған, соның ішінде 468 адам өлген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар