Жұмысқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен атыраулық әлі табылмады, деп жазады "Ақ Жайық" сайты.
21 желтоқсан күні сағат 16.00-де Атырау облысы төтенше жағдай департаментіне Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының 50 жастағы тұрғыны хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түсті.
Бір күн бұрын ол әдеттегідей көрші Шортанбай ауылына жұмысқа кетіп (екі ауылды бетіне мұз қатқан Қиғаш өзені бөліп жатыр), үйіне оралмаған.
Жоғалған ер адамның ағасы құтқарушыларға хабар бергеннен бастап аудандағы құтқарушылар, полиция және еріктілер (барлығы 65 адам) іздеу жұмыстарын жүргізуде. Әзірге нәтиже жоқ.
Пікір қалдыру