Коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылы футболдан 17 (U-17) және 20 (U-20) жасқа дейінгі әлем чемпионаты өтпейді. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
U-17 турнирі Перуде және U-20 Индонезияда өтуі керек еді. Бірақ федерацияның шешімі бойынша бұл елдер әлем чемпионаттарын 2023 жылы қабылдайтын болды.
Қазіргі U-20 әлем чемпионы – Украина ұлттық құрамасы. Ал 17 жасқа дейінгі әлем чемпионы – Бразилия құрамасы.
Бұған дейін 2021 жылдың 28 ақпанына жоспарланған Англия лигасы кубогының финалдық матчы пандемияға байланысты 25 сәуірге ауыстырылған болатын.
Пікір қалдыру