Президент Назарбаев Қытайдағы әскери парадқа қатысты

/uploads/thumbnail/20170708193424959_small.jpeg

Бүгін Қытай Астанасы Бейжің қаласында Жапон миллитаристеріне қарсы соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтуде. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҚХР Астанасындаға әскери парадты тамашалауға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, РФ Президенті Владимир Путин, Белорусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов және өзге де мемлекет басшылары қатысуда.

Ал Қытай Халық Республикасының төрағасы әр құрметті қонақты жеке қарсы алып, әскери шеруді тамашалайтын орнына дейін жеткізіп отырған.

Ескерте кетейік, Қытайдағы әскери парадта ҚР Қарулы күштерінің Аэромобильді әскердің құрметті қарауылы жасағының 76 сарбазы қатысады. Барлығы парадқа 17 мемлекеттің әскери қызметкерлері жұмылдырылған.

Естеріңізде болса, осыған дейін Қазақстан Президенті Қытай халқын жеңістің 70 жылдығымен құттықтаған болатын.

Президент Назарбаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинге алғысын айта келе, әскери парадтарға қатысты өзінің тағы бір ойын білдірген.

«Әскери парад, шеру өткізу – кеңестік кезеңнен қалған. Өздеріңіз білетіндей, қазір әлем әскери парад, шеру өткізуге қызығушылық танытпайды. Деседе, біздің ортақ тарихымыз үшін Мәскеудегі және Бейжіңдегі парадтардың маңызы зор болмақ»,-деді Қазақстан Президенті.

Нұрзат Тоғжан

 

Қатысты Мақалалар