“Жария ете алмайтын ақпараттар бар”. Цой вакцина туралы айтты

/image/2021/01/03/crop-0_13_450x600_f3269031-4749-4a1d-9fc8-9a929fdd6b5d.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой COVID-19-ға қарсы халықаралық вакциналар туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингінде айтты.

– Жаңа жыл қарсаңында Pfizer компаниясымен соңғы келіссөздер жүргізілді. Біз бұл вакциналарды жеткізу мүмкіндігін талқыладық. Бізде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды, яғни біз жария ете алмайтын ақпараттар бар. Бұл ішкі регламенттерге қатысты. Бірақ жалпы алғанда, бұл вакцина Қазақстанда екінші жарты жылдықтан бұрын пайда болмайды деген болжам айтылды, – дейді ол.

Ол вакцинаны ҚР аумағында тіркеу және рәсімдеу үшін құжаттарды енгізуді ұсынғанын атап өтті.

– Бұл вакцинаны біз Қазақстанда алуымыз үшін жұмысты тездетуді сұрадық. Алайда әзірге бізге 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан ерте емес мерзімдер мәлімделді, – Цой.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар