Министр III тоқсаннан бастап студенттер қалай оқитынын айтты

/image/2021/01/03/crop-2_18_446x595_26471567-8556-4e61-bbf6-7d183167472c.jpeg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой колледж бен ЖОО-ның бірінші курс студенттері штаттық режимде оқитынын мәлімдеді.

– Пандемия кезінде еліміздегі оқу орындарының оқу процесі қайта қаралды. Оқу жылы басталғалы балалар қашықтан білім алуда, тек 1-5 сыныптар мен 180 оқушысы бар мектептер офлайн режимде оқыды, ал ІІ тоқсанда 300 оқушысы бар мектептер дәстүрлі оқыту форматына ауысты, 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныпта оқуға рұқсат етілді, – деді министр.

Оның айтуынша, ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) аралас оқытуға көшеді.

– Колледж бен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне оқу жылының екінші семестрінен бастап штаттық оқытуға рұқсат етіледі, – деп атап өтті Цой.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар