91 жастағы Камал Қаһарманқызы Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы "Отандастар қорының" баспасөз қызметі хабарлады.
Қор мәліметінше, туу туралы куәлік пен паспортта тегі көрсетілуі керектігінен Камал Қаһарманқызының құжатын жасауда біршама қиындық туған. "Отандастар қорының" жәрдемімен мәселе оң шешімін тапқан.
"Ғасырға жуық жасаған әжеміздің алғысын алып, қандастарға қол ұшын созған барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз" деп хабарлады қор қызметкерлері.
Камал Қаһарманқызы 1929 жылы қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылында туған. Ел ішінде аумалы-төкпелі заман орнаған кезде 1932 жылы 5 жасында ата-анасымен Қытай Халық Республикасына қоныс аударған. Ата-анасы Қытай елінің Бұратала облысы Арасан ауданында тұрып, ауыл шарушылығы саласында қызмет істейді. 1947 жылы Камал Қаһарманқызы Тегісбай Ыбырайымұлы есімді азаматқа тұрмысқа шыққан.
Камал Қаһарманқызы 4 ұл, 5 қыз, олардан 40-тан астам немере-шөбере көрген. Тағдыр жазуымен атажұрттан алыс кеткен ананың арманы – елге оралу болыпты. Қазақ еліне алғаш рет жолдасы Тегісбай Ыбырайымұлымен 2004 жылы келген. 2006 жылы отағасы өмірден өтіп, елге келуіне қиындық туады. Араға жылдар салып отбасымен атамекеніне көшіп келеді. Бастапқыда құжат жасату жағынан біршама қиындыққа ұшырайды. Ақырында "Отандастар қорының" араласуымен армандаған азаматтыққа қолы жетті.
Пікір қалдыру