«Nur Otan» партиясы Қарақия ауданының туризм бағытын жандандырмақ

/image/2021/01/05/115947331600.jpg

Бақытбек Смағұл, Мақсат Сқақов бастаған республикалық сайлауалды штаб мүшелері Қарақия ауданына жол тартты. Аудан орталығы Құрық және Жетібай, Мұнайшы ауылында болды. Тұрғындармен кездесіп, партияның мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы жолындағы жұмыстарымен таныстырды.

Ауданда 2 ірі логистикалық байланыс торабы бар. Атап айтсақ, қарқынды дамып келе жатқан «Құрық» теңіз порты мен Түрікменстан Республикасымен шекаралас аймақта орналасқан «Болашақ» теміржол стансасы. Халықтың табысын арттыру мақсатында партия шекараның орналасу әлеуетін және Қарақия аймағындағы өнеркәсіптік өндірістің артықшылықтарын назарға алады.

Қарақия ауданы аумағында Бозжыра, Қарынжарық секілді ерекше табиғи шатқалдар бар. «Бекет ата», «Шопан ата», «Темір баба» жерасты мешіттері орналасқан. Бүгінгі таңда туризм бағыты – аудан экономикасының дамушы саласы болып табылады. Осыны ескере келе «Nur Otan» партиясы туризмді дамытуға арналған құрылыстар мен қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ең бірінші инфрақұрылымдарды жетілдіруді міндеттеп отыр. Оның ішінде «Саржа» теңіз жағалауындағы демалыс аймағына дейін асфальт жол, инженерлік желілердің құрылыстарын аяқтау, 100 орынды қонақ үй, жағажай демалысын дамыту мақсатында абаттандыру, жол бойы дүкен, кафе, жанармай құю бекетін ашу, сервистік қызмет көрсетуді дамыту жоспары бар. Бұл жұмыстар жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашып, туристер ағынын арттырады.

Аудандағы кездесулер барысында Мұнайшы ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, соңғы үлгімен жабдықтау, мәдениет саласын дамыту, отандық өнім өндірушілерді қолдау мәселелерін көтерді. Көптеген сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді. Смағұл Бақытбек жауапты кезеңде бірлікті ұран ету, алдыңғы буынның ісін жалғастыратын бүгінгі жастар белсенді, жігерлі болу керек екенін айтыпбасып айтты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар