Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы бірнеше адам өлді

/image/2021/01/10/crop-158_20_759x1012_36d0a0a5-9916-4f5c-af7c-057d20478544.webp

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус инфекциясы мен пневмониядан 5 адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

Оның ішінде 3 адам коронавирус індетінен, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Қазақстанда өткен тәулікте 780 адамда коронавирус анықталып, 408 адам індеттен емделіп шықты. Ал 105 адамнан пневмония белгілері бары расталды. 

10 қаңтардағы мәлімет бойынша,  23 138 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 530 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында:

• 277 адамның жағдайы ауыр;

• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар