“Жантүршігерлік апат”. Тоқаев Индонезия президентіне көңіл айтты

/image/2021/01/10/crop-11_26_572x763_56665bc6-b3fc-4ccf-bd8a-42291fa75c6f.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sriwijaya Air ұшағы апатынан қаза болғандарға байланысты Индонезия президенті Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.

"Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын. Жаратушы олардың қайғыларын жеңілдетіп, қазаға ұшырағандардың жанын өзінің мейірімімен жарылқасын" делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, 9 қаңтарда Индонезияда Sriwijaya Air әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар