Мәжіліс сайлауына бойкот жариялап, митингке шыққан белсенді Жанболат Мамай мен оның жақтастары және "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының мүшелері Республика алаңында әліге дейін полиция қоршауында тұр. 8 сағаттан бері бір орында тұрған белсенділердің кейбірінің денсаулығы сыр беріп, жедел жәрдем шақыруға тура келген. Бұл туралы белсенді Инга Иманбай facebook парақшасында хабарлады..
– Демократиялық партияның белсендісі Аружан Дүйсебаеваны ес-түссіз күйде жедел жәрдем көлігімен алып кетті. 8 сағат бойы суық пен аштықта тұрғаннан ауырып қалды. Демпартиялықтар мен Жанболат Мамайды әлі ОМОН-дар қоршап тұр, – деп жазды Инга Иманбай.
Сондай-ақ "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының өкілі Әсем Жапишева да ауырып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
– Әсем Жапишева жедел жәрдем арқылы 12 ауруханаға жеткізілді! Жанболат Мамай мен оның жақтастары алаңда 8 сағаттан астам уақыттан бері тұр, – деп жазды Иманбай.
Наразылар қоршауға алынғалы нәр татпады. Айтуларынша, дәретханаға жібермегендіктен, тұрған жерлерінде дәрет сындыруға тура келген.
Тағы оқыңыз:
♦ "Дариға келме", "Ермахан қарабет", "Мамай құмалақ". Сайлау күнгі Алматыдағы митинг
Пікір қалдыру