ІІМ қазақстандықтарға алдағы уақытта ауа-райының нашарлауына байланысты ескерту жасап, жолда абай болуды, қала сыртындағы жолдарға шықпауды сұрады, деп хабарлады Polisia.kz сайты.
12 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының республикалық маңызы бар автожолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс толығымен жабылған.
Сондай-ақ Ақмола және Қостанай облыстарындағы қала сыртындағы тас жолдарда Солтүстік Қазақстан облысы бағыты бойынша автомобиль қозғалысы шектелген.
Павлодар облысында Қарағанды және Ақмола облыстарына баратын қозғалыс шектелген.
Қазгидромет" деректері бойынша 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райының нашарлауы күтілуде.
ІІМ аталған аймақтардың тұрғындарына ұзақ сапарға шықпауды ескертті.
10-11 қаңтар аралығында елде 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 50 адам түрлі дене жарақатын алып, 7 адам қайтыс болған.
Пікір қалдыру