СІМ: Қырғызстанда қайтыс болған 12 жастағы қазақстандықтың жақындарына көмек көрсетіледі

/image/2021/01/13/crop-34_15_1054x1406_1202d300a1830e1824aa9399fc1550e4.jpg

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қырғызстанда 12 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғануына байланысты пікір білдірді.

"Қазақстандық консул қайтыс болған жасөспірімнің туған-туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыста. Жасөспірімнің ата-анасына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, біздің отандасымыз шаңғымен сырғанау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан қайтыс болды" делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, оқиға 12 қаңтар шамамен сағат 15.00-де Қырғыстанның Қаракөл қаласында болған. Ыстықкөл облысы ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйенсек, 12 жастағы қазақстандық шаңғымен төмен сырғанап келе жатқанда шыршаға соғылып, оқиға орнында көз жұмған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар