Қытайда тәулігіне коронавирус белгілері бар 115 науқас және симптомсыз 38 тасымалдаушы анықталды. Бұл туралы "РИА Новости" хабарлады.
Қытайдағы коронавирустың жағдайы туралы мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті хабарлаған. Жаңа жағдайлардың 90-ы Хэбэй провинциясында анықталды, онда қаңтардың басында жаңа эпидемия пайда болған.
Қазіргі кезде Шицзячжуан қаласындағы жағдай күрделі. Ол жер эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары аймақ деп жарияланған.
Жалпы алғанда, Қытайда эпидемия кезінде коронавирус инфекциясының 87 706 жағдайы анықталды, 82 288 адам сауығып, 4634 науқас қайтыс болған.
Пікір қалдыру