Қазақстанда кімдердің жалақысы 2 есеге өсетіні белгілі болды

/image/2021/01/13/crop-14_16_693x1232_2019110517051367359_caa80667a68ab431a46d08c9fac14058-896x627.jpg

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50%-ға өсті. 2022 жылы лауазымдық жалақы 25%-ға, ал 2023 жылы тағы 25%-ға өседі. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен алдағы үш жылға 95 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорған министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Үкіметінің 12 қаңтарда өткен отырысы аясында "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулы қабылданып, оған сәйкес өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) лауазымдық жалақысын үш жыл ішінде арттыру көзделген.

Нәтижесінде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қызметкерлердің лауазымдық айлықақысы 50%-ға, 2022 жылы ағымдағы мәннен 25%-ға, 2023 жылы тағы 25%-ға өседі.

Қаулыда сондай-ақ қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 30%-ынан лауазымдық жалақының 40%-ына өзгерту жолымен стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін әкімшілік және қосалқы персонал үшін жалақыны арттыру көзделген.

Қатысты тегтер :

Пікірлер тізімі 10

  • default avatar
    14:45, 17 ақпан 2021

    Тазик

    Сиздин жалакынызды урлап журген шыгар

  • default avatar
    13:39, 01 ақпан 2021

    Анаргуль

    Сәлеметсіздерма әлеуметтік педагогтардікі өсема мектепте жасайтын

  • default avatar
    13:13, 26 қаңтар 2021

    акбота

    сізге косыламын

  • default avatar
    13:10, 26 қаңтар 2021

    Акбота

    тех кызметкерлердің жалақысы өссе екен ддейміз 9-18;00 ге дейін жұмыс айлығы 50000 ештенеге жетпейді.Іс қағаз жүргізушінің жұмысы жауапты және тынымсыз жұмыс айлықты еш болмаса 60-70 мың тг ге көтерсе екен

  • default avatar
    13:45, 16 қаңтар 2021

    Назым

    Кіші кызметкерлердыкі өспейма ауыр жұмыстың бәрін біз жасаймыз алатынымыз 50мын

  • default avatar
    12:45, 16 қаңтар 2021

    Эльмира

    Салеметсізбе мен осы түсінбейтінім осы мұғалімдер дәрігерлердің ғана жұмысы ауыр дейсіздер ал жарайды оларда диплом бар ал қолы күнде мұздай суда күнде болар болмашыға ұрыс еститін жай қызметкерлер ді де ұмытпауымыз керек деп ойлаймын олар бар жоғы 50000 теңге ғана алды таңда барса жұмысқа кешкісін үйіне қайтады мемлекет неге бұны ескермейді жай дипломсыз жандардың да жал ақылары балаларын оқытпақ түгілі азық ауқаттан арылмайды осы жайытты ескерсеңіз деймін.

  • default avatar
    09:28, 16 қаңтар 2021

    Абылаййхан

    Баска жумысшылар калаи омир суреди.60мын аилыкпен калаи жеткизкди.

  • default avatar
    11:14, 15 қаңтар 2021

    Нұрбол

    Мен "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ мемлекеттік емес мекемесінде Әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде қызмет етемін....бұл мәселе бізге қатысты ма?..

  • default avatar
    18:40, 14 қаңтар 2021

    Жамал

    Сәлеметсі.Түркістан обл.қазығұрт аудан 11 санаторий типтес мектеп интернатта мед бері болып қызмет атқарамын интернатта 3 дәрігер 6 мешітке жұмыс жасайды.мекеме туберкулез ге қарсы бағыттағы интернат болғанымен соң ,350 бала таба контракт болғанымен қабылданады,барлық алдын ала егу жұмыс тары жүргізіп,ем шаралар жасаймыз.сұрақ: білім саласындағы медицина қызметкерлеріне жалақы көтеріле ма? Былтыр 2020 жылы жалақы қосылмады.биылда көтерілмейді.неге біз елеусіз қалудамыз мұғалімдерге де медицина .қызметкерлеріне жалақы қосылуда ал бізге әлі жалақы көтермейді жатыр.жалакымыз мардымсыз 99 мың тг жалақы аламыз.сізден өтініш осы білім саласындағы медицина қызметкерлеріне жалақы мәселесін шешіп беріңіздерші..

  • default avatar
    20:09, 13 қаңтар 2021

    Нурлыбек

    Дурыс айтасыз , елімізде жекеменшік компаниялар көп, соларды неге қарамайды екен, сол баяғы айлықпен жур.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар