Protenge телеграм каналында парламентті қолдау қызметі сайлаудан кейін бірден (11 қаңтар) қонақ үйден 103 нөмірге тапсырыс бергені туралы хабарланды.
Телеграм арна дерегінше, кеше ғана Hotel Service Astana компаниясымен 31,2 миллион теңгенің келісімшарты жасалған. Келісімде компанияның нақты мекен-жайы көрсетілген: Нұр-Сұлтан, МАНГІЛІК ЕЛ, 43А. Сол мекенжайда – Hampton by Hilton Astana Triumphal Arch қонақ үйі орналасқан. Ал Booking.com сайтында қонақ үйдің рейтингі 8,8 (максималды балл 10).
Депутаттар қызметтік баспана берілгенге дейін қонақ үйлерге орналастырады.
2016 жылы сайлаудан кейін депутаттар бес жұлдызды Пекин мейманханасына тұрған.
Пікір қалдыру