Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру: Жаңа қызмет қосылды

/image/2021/01/01/crop-11_0_432x576_crop-202_0_445x593_20171123123741-800x445.jpg

Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты, деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.

Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет.

Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:

  • өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;

  • дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
  • «Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;
  • алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.

Қосымша жеткіліктілік шекті ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар