Дональд Трамп президенттігінің соңғы күндерінде Қытайдың ірі компанияларына жаңа санкциялар салды.
9 қытайлық компания Пентагонның қара тізімдігіне енді. Олардың ішінде Қытайдың ірі телефон өндірушісі Xiaomi де бар.
Трамп соңғы айларда ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп санайтын көптеген компанияларға қарсы шараларды күшейтті. Ал Қытай осы аптада фирмаларын қорғауға бағытталған жаңа заңмен есе қайтарды.
Соңғы бірнеше айда Трамп қытайлық технологиялық компанияларды нысанаға алды. АҚШ президенті TikTok, Huawei және WeChat сияқты компаниялар жеке деректерді Бейжіңмен бөліседі деп санайды.
Пікір қалдыру