Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы белгілі болды

/image/2021/01/18/crop--1_52_408x725_4447711555.jpg
Белгілі әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев коронавирусқа шалдыққан Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы туралы хабарлады.
 
"Қайбір жылы Мейрамбек ауырғанда жалғыз ұлымның тілеуін тілемесем де, Мейрамбектің тілеуін тіледім" деп еді бір анамыз. Қазақтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қысымы қатты көтеріліп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Аллаға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы – дұға. Қазақтың Мейрамбегі, әулетінің тірегі, "МузАРТтың" жүрегі жүзге жетсін, – деп жазды Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында.
 
Бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені, артынша жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған.
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар