«Nur Otan»: Басшылықтағы әйелдердің үлесі 30%-ға дейін ұлғайтып келеді

/image/2021/01/21/crop-40_9_689x1225_55e65f0a-1ff0-42ce-a0eb-c0ecfc3ba604.jpg

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар кадрлық жаңартулар жүргізілді. Орталық аппараттың баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа тағайындаулар «Nur Otan»-ның сайлауалды уәделерін тиімді жүзеге асыруға қатысты партия лидері қойған міндеттерді ескере отырып жүргізілді.

Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктің атқарушы және өкілді органдарында басшылықтағы әйелдердің үлесін 30%-ға дейін ұлғайту туралы тапсырмасын орындау аясында, «Nur Otan»-ның Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева болды. Ол партияда 2007 жылдан бастап бөлім меңгерушісінен облыстық филиал төрағасының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өткен.

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Жанар Бектаева тағайындалды. Ол 2019 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белсенді жастарға арналған әлеуметтік лифт құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Nur Otan»-ның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып 30 жастағы Дәулет Кәрібек тағайындалды. Партияның Саяси кеңесі Бюросының және Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Сарапшыдан бастап «Jas Otan» жастар қанатының төрағасына дейінгі қызметтік жолдан өтті. Соңғы жұмыс орны – Нұр-Cұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Алматыда партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 33 жастағы Мейіржан Отыншиев болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы болып бастаған. Соңғы 2 жылда Алматы қаласы әкімдігінің Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.

Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынуымен партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Дауыл Бейсенқұлов тағайындалды. Ол осы тағайындауға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасын басқарды.

Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Ерлан Қаналимов (Нұр-Сұлтан), Станислав Канкуров (Алматы), Бахадыр Нарымбетов (Шымкент) және Жанболат Жөргенбаев (Алматы облысы) аталған өңірлер мәслихаттарының хатшылары болып сайланды.

Өз кезегінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстық филиалдары төрағасының бірінші орынбасарлары өңірлік мәслихаттардағы «Nur Otan» фракцияларының басшысы қызметін қатар атқарады.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, кадрларға қатысты мұндай шешім «Nur Otan» партиясының аймақтық сайлауалды бағдарламаларын сапалы жүзеге асыру және сайлауаралық кезеңде тиісті жұмысты ұйымдастыру бойынша партия басшылығы қойған міндеттерге толық жауап береді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар