Қазақстан президенті қоғам пікірін екіге бөлген "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасына қатысты пікір білдірді.
"Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау" делінген президенттің twitter-дегі жазбасында.
Аталған заң жобасының айналасында қоғам пікірі екіге бөлінген. Бірі оның мақұлдануына қарсы болса, екінші тарап керісінше балаларды зорлық-зомбылықтан сақтау үшін заңның қабылдануын қалайды.
Пікір қалдыру