26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы "қызыл" аймақта тұр, деп хабарлады coronavirus2020 сайты.
Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қызыл аймақта.
Ал Қарағанды облысы "сары" аймақта. Бүгінгі матрица Алматы облысының "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткенін көрсетіп тұр.
Қалған өңірлердің бәрі "жасыл" аймақта орналасқан.
Қазақстан жалпы індеттің таралуы бойынша "қызыл" аймақта.
Пікір қалдыру