Белсенді митингте өзін тепкен ОМОН қызметкерін жазаламақ (видео)

/image/2021/01/26/crop-82_4_444x592_photo_349793.jpeg

54 жастағы Маргарита Юдина Санкт-Петербургте өткен митингте өзін тепкен ОМОН қызметкерін сотқа бермек.

– Мен ауруханада жатқанда полицейлер шағымымды тыңдау үшін емес мені тепкен ОМОН қызметкерін кешіруімді сұраумен әлек болды. Адамға шабуыл жасалғаны анық. Біз неліктен ОМОН қызметкерлерінің бізді басымыздан, ішімізден, қолымыздан ұрғанын кешіруіміз керек. Менің орнымда кез келген адам болуы мүмкін еді, – деді Маргарита Юдина.

Ауруханаға түскен Маргарита Юдинаға тек бір-ақ рет медициналық көмек көрсетілген. Оның айтуынша, жастық қанға боялса да дәрігерлердің ешқайсысы көмекке келмеген.

Оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау мақсатында өткен митингке қатысқан Маргарита Юдина тергеу комитетіне шағым түсірмек. Ол өзін тепкен ОМОН қызметкері туралы ақпарат білмекші.

"Новая Газета" жариялаған видеодан ОМОН қызметкері гүлмен Маргарита Юдинаның палатасына кіріп, кешірім сұрағанын көруге болады. Белгісіз әйел палатадағы жағдайды видеоға түсіріп тұр. Арасында әңгімеге араласып белсендіден оны кешіруін сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында қарсылық акциясы өтті. Халық  оппозиционер Алексей Навальныйды түрмеден босатуды талап етті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар