Нидерландыдағы тәртіп сақшылары комендаттық сағатты бұзған наразылық білдірушілермен тағы қақтығысқа түсті.
"150-ден астам адам қамауға алынды" деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Роттердамда қала әкімінің шұғыл бұйрығы демонстранттарды кері қайтара алмаған соң, полиция ескерту оқтарын атып, көзден жас ағызатын газ шашқан.
Наразылық акциялары мен толқулар демалыс күндері жаңадан коронавирус шектеулерінің енгізілуімен басталды.
Пікір қалдыру