Тоқаев халықты жаппай вакциналауға қатысты пікір білдірді

/image/2021/01/26/crop-324_27_1498x1998_5ea67e89f0d94.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі мен өңір әкімдеріне халықты жаппай вакциналау мәселесіне баса мән беруді тапсырды.

– Бұл мәселе бойынша тек Денсаулық сақтау министрі ғана емес, әкімдердің бәрі мына жайды ескеруі керек: жалпыға ортақ вакцинация – өте маңызды мәселе.

Бізге азаматтарды вакцинациядан өткізуде өте салмақты, ойластырылған, қыр-сыры ескерілген жоспар керек. Дүрбелең болмас үшін ол салада ескеретін өте көп нюанс бар. Вакцинация эпидемиологиялық ахуалды түзеуі керек. Алда жұмыс көп, – деді Тоқаев.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинация азаматтардың келісімімен ерікті түрде жасалады және 18 жасқа толмаған балаларға екпе салынбайтынын мәлімдеген.

Оқи отырыңыз. Мамин: 1 млн-нан астам жұмыскердің жалақысы өседі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар