Әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, сыншы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішев дүниеден озды.
Ол 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысының Бұланды ауданвна қарасты Берлі ауылында дүниеге келген. 1950 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, ал, 1960 жылы Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын тәмамдаған . Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1979), академик.
1960-1968 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтынының аға ғылыми қызметкері, ал 1968 жылдан КазМУ-де аға оқытушы, доцент, профессор, филологияның сырттай (1978-1985), күндізгі (1985-1986) факультеттерінің деканы, көп жыл осы университеттің филология факультетінде "Қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны" кафедрасының меңгерушісі болған.
Қазақстан Жазушылар одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының иегері. Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының құрметті академигі, сонымен қатар Халықаралық Айтматов академиясының академигі. "Парасат" орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.