Қазақстанның төрт өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.
Нұр-Сұлтан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары "Сары" аймақта.
Ал қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.
Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан "қызыл" аймақтан шықты.
Пікір қалдыру