Жаңа қаулы. Қазақстанның 9 өңірінде карантин күшейтілді

/image/2021/02/13/crop-208_13_798x1064_6c0ed3f5-968a-4fdc-ae4f-7904eaef605f.jpeg

Шымкент, Талдықорған қаласы және Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан,  Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Тулебаев карантинді күшейтуге қатысты жаңа қаулысын шығарды.

"Шымкент қаласының аумағында 08 ақпан сағат 00:00-ден бастап 22 ақпан сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын" делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес: 

  • адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (банкет, той, еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық);
  • 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруіне шектеу қойылады;3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен аулаларда серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі.

Талдықорған қаласының бас санитар дәрігері Е. Әсімқұлов карантиндік жаңа шектеу шаралары 15 ақпан сағат 7:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

Қаулыға сәйкес: 

  • 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тоқтатылады;
  • мәдени, бұқаралық, спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • жеке кездесулер (жиналыс, семинар, тренинг, форум, конференциялар) өткізуге тыйым салынады; 
  • банк почта бөлімшелері және халыққа қызмет көрсету орталықтарына алдын-ала жазылу бойынша баруы тиіс.

Атырау облысының бас санитар дәрігері М. Танауовтың қаулысы 11 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

"Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын-алуға қатысты шаралар туралы" бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылдың 10 ақпандағы №3 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Бас санитар дәрігердің қаулысында төмендегідей талаптар бар:

  • қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;
  • 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауы тиіс;
  • барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауы тиіс;
  • мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30% - дан аспайтын және бір келушіге кемінде 5 м2қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша (объектінің толтырылуы  1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып рұқсат етіледі.

Ал, Солтүстік Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Ә. Жұматаев 2021 жылдың 9 ақпандағы №3 қаулысында:

  • жұмыс уақыты 10.00-ден 24.00-ге дейін, ауданы 500 м2-ден асатын азық- түлік емес дүкендердің қызметіне рұқсат беріледі;
  • азық-түлік емес дүкендердің қызметіне сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін рұқсат беріледі;
  • 50 адамнан аспайтын фитнес, жаттығу орталықтарына алдын-ала жазылуы бойынша жұмыс істеуіне рұқсат беріледі;
  • жұмыс режимі 09.00-ден 22.00-ге дейін, 50 адамнан аспайтын қоғамдық моншалар, сауналардың жұмысына рұқсат беріледі;
  • қоғамдық көлік қызметі сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жүруіне рұқсат етіледі.

Қаулы 13 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Х. Илюбаев коронавирус инфекциясын алдын алу үшін өз қаулысына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

"ШҚО-да 14 ақпаннан бастап 27 ақпанға дейін шектеу шаралары ұзартылсын" делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес:

  • бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларының (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салынады;
  • адамдар көп жиналатын жерлерде, оның ішінде жабық үй-жайларда және бұқаралық театрландырылған қойылымдардың, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтерінің, шоу-бағдарламалардың, концерттер мен басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салынады;
  • қуаты 150 адамға дейін, толтырылуы 25%-дан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мешіттерді қоспағанда, мешіттерде жұма намазының өткізілмеуі тиіс;
  • қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамаларында және қоғамдық көлікте, оның ішінде таксиде маска кию режимін сақтауы тиіс.

Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері М.Арыспаев карантин шаралары туралы №5 қаулысына өзгерістер енгізгенін мәлімдеді.

  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының қызметі тоқтайды;
  • театр, мәдени нысандардың жұмысына (жеке, топтық дайындықтарда бір мезгілде 30 адамнан аспайтындай етіп, келушілермен отыратын орындар санының 20% аспайтын толтырумен) рұқсат етіледі;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс жасайды;
  • оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12 сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға рұқсат беріледі.

Түркістан облысының бас санитар дәрігері Н. Нышановтың қаулысы 5 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

Аталған құжатта:

  • қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің кызметіне тыйым салынады;
  • білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатылады;
  • әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бip отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілеріне, саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына барына рұқсат етіледі;
  • аса қажеттілік болмаса 65 жастан асқан адамдардың үйден шығуына тыйым салынады;
  • бұқаралық, мәдени іс шараларды өткізуге рұқсат етілмейді.

Қызылорда облысының бас санитар дәрігері Д. Жанабергенова карантин шаралары туралы №1 қаулысына өзгерістер енгізгенін мәлімдеді.

Жаңа қаулы бойынша қоғамдық тамақтану орындары қуаты 30%-дан аспай жұмыс жасай алады. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында 9, 11 (12) сыныптар, колледждер мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына рұқсат етіледі.

Қаулы 9 ақпаннан бастап күшіне енді.

Қостанай облысының бас санитар дәрігері Е. Даулетбаев коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында 4 ақпандағы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес:

  • 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында контингенті 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқуына рұқсат етіледі;

  • колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқуға рұқсат беріледі;

  • білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі жұмыс жасайды;
  • (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту:пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтан оқытылады.

Қаулы 10 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар